Түрмеде «қытай кеспесіне» телефон тығып беру әрекеті кесілді

16:22, 20 қаңтар 2021
314

ШҚО түзеу мекемелерінің бірінде сәлем-сауқатты тексеру барысында ішінен телефон және сим-карта табылды, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ҚАЖ Департаментіне сілтеме жасап.

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер қылмыстық-атқару заңнамасы талаптарына сай кездесулерге және сәлем-сауқат алуға құқылы. Осындай бір сотталғандардың біріне келген азық-түлікті қарау кезінде, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесінің қызметкерлерімен түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды беріп жіберу мүмкіндігінің жолы кесілді.
Тінту қызметімен жөнелтілген заттар жүкті тексеруге арналған рентгентелевизиялық құрылғы көмегімен қаралады. Осылайша, жылдам әзірленетін кеспе ішінде металл-пластиктік табиғаты бар бөгде заттың көлеңкелері анықталды. Анығырақ тексеру кезінде, "қытай лапшасының" ішіне ұялы телефон, оған қоса аккумуляторлық батарея және сим-карта салынғанына көз жеткізілді.

- Әрекет етуші нормативтік актілерге сай, кездесуге келген тұлғаларды және олардың заттарын тінтіп-тексерместен бұрын, тінтіп-тексеру тобы қызметкерлері олармен тыйым салынған заттарды алып кіруге жол берілмейтіндігі және ондай әрекеттің құқықтық салдары жөнінде түсіндірме береді. Алайда, сотталғандарға тыйым салынған заттарды беріп жіберу деректері осы күнге дейін орын алып отыр, - деп, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Аслан Нурбеков оқиғаның мән-жайымен бөлісіп отыр.

Тыйым салынған заты бар сәлем-сауқат жөнелтуші "жанашырлар" үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, және де осы мәселе бойынша тұрақты негізде тәрбиелік маңызы бар әңгімелер мен жақын туыстарына хабарламалар табыс ету түріндегі алдын-алу шаралары жүзеге асырылып отырылады.

- Нақты осы дерекке келетін болсақ, сотталғандар туған-туыстарымен хабарласуы үшін таксофон құрылғысы қызмет етіп тұр, және бұл бағытта ешкімнің құқығы шектеліп отырылған жоқ. Ал тыйым салынған заттарды жолдаушылардың әрекеті сынды көзбен бағалануы тиіс, себебі, олар осындай әрекеттерімен мекемеде жазасын өтеп жүрген өздерінің жақындарын мекемедегі ішкі тәртіп ережелерін бұзуға итермелейді, нәтижесінде, олардың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы және әлеуметтік ортаға оралуы кейінге шегеріледі, - осылайша мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Жәнібек Сыдыков жоғарыдағыдай әрекеттердің келеңсіз салдарын тілге тиек етіп отыр.

Тыйым салынған заты бар сәлем-сауқат жолдаушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылып, материалдар Шығыс Қазақстан облысының Жарма аудандық сотына мән-жайы бойынша қаралуы үшін жолданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!