Түркиядан үй сатып алған отандастарымыздың саны биыл төрт есеге артқан

23:22, 7 желтоқсан 2021
195

© Сурет: pixabay

Түркиядағы риэлтордың сөзіне сенсек, наурыз айынан бері 2 мыңға жуық отандасымыз аталған елден пәтерлі болыпты.

2017 жылмен салыстырғанда биылғы 9 айдың ішінде Түркиядан пәтерлі болған қазақстандықтардың саны шамамен 4 есе өскен. Өйткені ондағы баға бізге қарағанда қолжетімді деседі көз көргендер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 9 айдың ішінде 25 мың қазақстандық басқа мемлекетке қоныс аударған. Әсіресе, Түркия елін таңдағандар көбейген. Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері 74 азамат Түркияға көшудің қамына кіріскен, делінеді Астана телеарнасының жаңалығында.

Солардың бірі - алматылық Жазира Демеуова.

Өзім бұрыннан армандаймын, Түркияның өзі үлкен ғой және кішкентай қалашықтарында тұрғын үй болса мысалы өзіңде, өте жақсы. Қазақстанда үй алу мүмкін емес, өз ақшаңа... жас кезінде. Ондай қаражат барлығында бірдей бола бермейді. Алматылық Жазира Демеуова

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы Түркиядан 334 пәтерді отандастарымыз сатып алған. Бұл көрсеткіш биылғы 9 айдың ішінде 1339-ға жеткен. Елден көшкен қазақтардың басым бөлігі Түркияның Алания, Анталия аймақтарын таңдапты. Түркиядағы отандасымыздың айтуынша, бұл жердегі баспана бағасы бізден едәуір арзан.

Құрылыс салушы компания, үйдің сызбасын сызып жатқанда алсаңыз, әлдеқайда арзанырақ аласыз. Егер қаласаңыз, құрылыс аяқтала салысымен, сатып жіберіп, пәтердің үстінен 20-30 пайыз пайда көре аласыз. Ал дайын үйлердә масыла шаршы метрі 50-70 болатын пәтерді 50 мың еуроға сатып алуға болады. Түркиядағы нарықта сіз үйді жиһаздарымен ала аласыз. Тек тіс щеткасы мен чемоданыңызбен келсеңіз болды. Мейірбек Тұрмағамбетов, Түркиядағы жылжымайтын мүлік нарығының агенті

Түркиядағы риэлтордың сөзіне сенсек, наурыз айынан бері 2 мыңға жуық отандасымыз аталған елден пәтерлі болыпты. Бізде ғаламтор арқылы,  Нұр-Сұлтан мен Анталия, Аланиядағы пәтер бағаларын салыстырып көрдік. Мысалы, елордадағы 30-35 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер 14-15 млн теңгеге  саудаланып жатыр. Оған үйге жөндеуге кететін қаражат пен пәтерді керекті жиһазыңыз бен тұрмыстық техникаңызды қоссыңыз. Ал дәл осындай пәтерді дайын күйінде Түркиядан 11-12 млн теңгеге табуға болады екен. Демек біздегі тұрғын үйдің бағасы, құрылыс құнынан 2,5 есе қымбат. Сарапшылардың айтуынша, тамыз айында елдегі дайын баспананың шаршы метрі 388 мыңға теңгеден саудаланған. Құрылыс материалдарының қымбаттауы, бағаға баға қосып отыр деп түсіндіреді олар.  

Сұраныс бар жерде баға өседі, бұл нарықтың заңдылығы. Әрбір салынып жатқан жоба 10 пайызға  көтеріліп отырады.  Бұған құрылыс материалдарының қымбаттауының да өз әсері бар. Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Мюкрюков

Қалай болғанда да баспаналы болу, екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақ. Банк қойған талаптан өткеннің де, өтпегеннің де машақаты жетерлік. Пәтер жалдап тұ­ру да қалтаға салмақ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!