Түркиядағы жер сілкінісі: Сыртқы істер министрлігіне зардап шеккен қазақстандықтар жөнінде ақпарат түскен жоқ

15:49, 6 ақпан 2023
246

© Сурет: pixabay

6 ақпанда Түркияда болған жер сілкінісінен кейін сол елдегі қазақстандықтар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне әлі өтініш білдірген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана уақыты бойынша сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан еліміздің Түркиядағы елшілігіне өтініш түскпеген.

"Консул Түркияның Төтенше жағдайлар департаментімен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта тізімде зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Айта кетейік, көп ғимарат қирағандықтан, іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр." Айбек Смадияров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан қаза тапқандар саны 500 адамнан асты: оның ішінде 230-дан астам сириялық және кем дегенде 280 түрік азаматы бар.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!