Түркияда КВИ жұқтырды деп карантинге алынған 55 қазақстандық жайлы - ҚР СІМ түсініктемесі

17:21, 26 маусым 2020

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталияда ауруханаға жатқызылған қазақстандықтар туралы ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жүрген бұл ақпараттың скриншотын журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады. Онда "Қазақстаннан Анталияға ұшып келген 55 адам КВИ жұқтырған деп ауруханаға жатқызылды" делінген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мұндай жағдай болса, онда түрік тарапы қазақстандық әріптестеріне бірден дереу хабар беретінін айтады. Бірақ оларға мұндай мәлімет мүлде түспеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!