Түркияда Қазақтардың кіші құрылтайы өтті

11:11, 24 қыркүйек 2021
306

© Сурет: ҚР АҚДМ баспасөз қызметі

Бүгін Түркияда (Ыстамбұл қаласы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі" тақырыбында Қазақтардың кіші құрылтайы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кіші Құрылтайды ҚР АҚДМ қолдауымен "Отандастар қоры" Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақтардың кіші құрылтайының жұмысына Түркия мен Еуропа елдеріндегі қазақ қауымдарының, Қазақстанның мәдениет мекемелері мен жоғары оқу орындарының 100-ден астам өкілдері қатысты.

Шара жұмысының аясында шетелдегі қазақ диаспораларының өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмасу болды.

Айта кету керек, Кіші құрылтайдың бағдарламасы көптеген мәдени-ағарту іс-шараларын қамтыды.

Стамбул қаласының Бағдылжар ауданында белгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Кіші құрылтайға қатысушылар үшін қазақстандық музейлер мен жоғары оқу орындары "Алтын тамырлы Атажұрт" көрме, сондай-ақ Түркиядағы қазақ диаспорасының жастары үшін "Білім көрмесінің" тұсаукесері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шетелдік іскер қазақ қауымдастығымен кездесу барысында "Алыстағы ағайын" деректі фильмі көрсетілді.

Казақтардың кіші құрылтайы іс-шаралар бағдарламасы аясында Қарағанды облысынан келген Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық тарап Кіші құрылтайға қатысушыларға Қазақ елінің мәдениеті, тарихы, Қазақстандағы қазіргі өмір туралы әдебиеттерді сыйға тартты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!