Түркияда қазақстандық әйел баласымен суға батып өлгісі келді

16:35, 22 маусым 2018
420

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйел Түркияда дау-жанжалын тудырып, ұлымен бірге суға батып өлемін деп шу шығарған видео тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбада ер адам әйел мен баланы судан алып шығып келеді, кадрдан тыс олар өзара түрік тілінде сөйлеп жатыр.

- Тиіспе маған! бармаймын! - дейді әйер ер адамға.

- Баланы суға батырайын дедің ғой! ішіп алсаң да, балада не шаруаң бар! - деді жанындағы адамдар.

- Біз бірге өлеміз! Сендер қайдағы бір түрікке сеніп тұрсыңдар! Бәріне кінәлі түрік! Ол неге маған ішімдік құймады? - деп айқайлады әйел.

- Сонда ішімдік үшін баланы суға батыруға дайынсың ба?!

- Ішімдіктің не қатысы бар?, - деп әйел айқайды жалғастырады.

- Баланың не қатысы бар? - деп сұрайды жанында отырған әйел. Оған бізді қонақүйден шығарып жібермек, одан да осы жерде өліп, Қазақстанға өлі күйде қайтқаным дұрыс деп жауап береді.

Ер адамдардың айтуынша, оны ешкім де шығарайын деп жатқан жоқ. бар болғаны, номерден шықпауын өтінген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!