Түркістанның қос тұрғынынан діни мазмұндағы 39 кітап тәркіленді
© Сурет: Жамбыл облыстық соты
Әбу-Даби – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайда тексеруден өту кезінде Түркістан қаласының 59 жастағы екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардан діни мазмұндағы 39 кітап тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көліктегі ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ер адамға 369 200 теңге айыппұл салынды.
"Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тексеру барысында ұсталғандардан діни мазмұндағы 39 кітап табылып, тәркіленді. Кұқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, олардың әрқайсы 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңына сәйкес әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 29 қараша 2024
Алматыда тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз айтқан ер адам қамауға алынатын болды
-
18:59, 29 қараша 2024
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
-
18:56, 29 қараша 2024
Ақтөбеде пышақ жарақатын алған 10-сынып оқушысына ота жасалды
-
18:49, 29 қараша 2024
Атырауда жаңажылдық шыршаны безендіруге шамамен 67 млн теңге жұмсау жоспарланған
-
18:35, 29 қараша 2024
Жаңаөзенде ер адам полицей мен дәрігерлердің көзінше төртінші қабаттан секіріп кетті