Түркістандық әйел күйеуінен жасырып, көңілдесіне ақша беріп келіпті

13:15, 19 мамыр 2020
521

Түркістан облысының полицейлері "тонап кетті" деп жалған ақпарат берген әйелді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының дерегінше, Сайрам аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне аудандағы елді мекендердің бірінен, тұрғынның үйіне ұры түскені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне жәбірленуші, үйіне бетперде киген белгісіз адам кіріп, оны байлап, пышақпен қорқытып, екі миллион теңге ақшасын алып кеткенін жеткізді. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті.

Сайрам аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, үй тұрғындары мен куәгерлерден жауап алып, қылмыс орнын тексерді.

Тергеу барысында жедел уәкілдер оқиға орнынан тонаудың ешқандай нақты іздерін таппады. Тонау туралы өтірік ақпарат беруі мүмкін деген болжам жасалды. Полицейлердің аталған болжамы расталды және жәбірленуші тонау орын алды деп, полицияға жалған ақпарат бергенін мойындады.

Белгілі болғандай, әйелі күйеуінен жасырып, көңілдесіне отбасылық ақшадан беріп отырған. Нәтижесінде ол екі миллион теңге жұмсап қойып, ақшаның жоқтығын күйеуінен жасырғысы келген.

Сүйіктісі екеуі жоспар құрып, “тонап кетті ” деп жалған ақпарат беруді шешкен. Осылайша, көңілдес жігіт жоспарды орындау үшін жәбірленуші әйелді байлап, көзінен ұрып, кетіп қалған. Ал күйеуі үйге келгенде, әйел оған тонаушылардың шабуыл жасағанын айтып, полицияға арыз түсірген.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы (көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қолхатпен босатылды. Сотқа дейінгі тергеудің жинақталған материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін прокуратураға жіберілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!