Түркістанда Жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

15:11, 20 қазан 2021

© Сурет: Арайлым Тастемір

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Нұрдәулет Ілиясұлы Самет тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрдәулет Саметтің білімі жоғары. 2009 жылы Қаржы полициясы академиясын, 2012 жылы Лондон қаласындағы "Queen Mary University of London" университетін "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының орталық аппаратында жедел және тергеу қызметтерін және аса маңызды істер жөніндегі тергеуші қызметін атқарған.

Соңғы атқарған лауазымы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.

Бұдан былай Нұрдәулет Ілиясұлы Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру бағыттарына жетекшілік ететін болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!