Түркістанда өгей қызын үш жыл зорлаған әкеге іс қозғалды

10:24, 3 шілде 2020

Қыз небәрі 14 жаста. Қыздың туған әкесі арызды тамыздың 20-сы күні жазған, деп хабарлайды zakon.kz "Отырар-ға" сілтеме жасап.

Қыздың сөзінше, ол 6-шы сыныпта оқып жүргенде өгей әкесінің тарапынан зорлық көре бастаған. Сорақысы, қыздың анасы бұл жағдайды біліп жүрген.

22 тамызда Түркістан Полиция департаментінде ҚР ҚК 121 бабымен "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасау" қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленушінің өгей әкесі бұл істе күдікті деп танылып отыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!