Түркістанда мешіт тонаған азамат ұсталды

09:08, 23 қазан 2017

Түркістан қаласындағы полицейлер 36 жастағы мешіт тонаған азаматты ұстады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында 23 жастағы қала тұрғыны ішкі істер бөліміне мешіттің ішінен тұрмыстық техникалық заттарды ұрлап кеткені туралы арызданған болатын, деп жазады otyrar.kz.

Жедел іздестіру барысында полицейлер бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының 1981 жылы туылған азаматын құрықтаған. Күдікті ер кісі дәл сол күні тағы екі ұрлық іс жасаған деп мәлімдеді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Құзырлы орган өкілдері күдікті азаматтың сегіз ұрлық ісіне қатысы бар екендігін анықтаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеге жуық. Қазір осы іске байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: otyrar.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!