Түркістан облысында 40 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

09:37, 18 қазан 2018
393

Қарашаның орта шеніне дейін жайма шуақ болып тұратын ауа райы күнгейде биыл қытымыр мінез танытып тұр. Қара суық бірден түсіп жұртты әбіржітіп тастады деп жазады otyrar.kz.

Қыстың қамына қарашада ғана қамдана бастайтын күнгейліктерге бұл жағдай алғашында тосын көрінгені де рас.

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар Ащысай асуында 8 автокөлік қарға батып қалған. Көліктер мен 40 жолаушы қар құсауынан құтқарылды.

Ал Түлкібас ауданындағы Шақпақ ауылы арқылы өтетін Алматы-Термез тасжолында көктайғақтан ауыр жүк көліктері жолдан шығып кетіп, салдарынан көлік тығыны орын алған. Тасжолдағы көлік ағынын реттеуге 3 сағат уақыт кетті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!