Түркістан облысында жемқорлар жеген 805,9 млн теңге мемлекетке қайтарылды

15:07, 8 шілде 2020

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 1 жартыжылдықты қорытындыланған баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Брифингте ағымдағы жылдың 6 айында Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 102 қылмыс тіркеліп, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар - 76, ал жедел жолмен бүгінгі күнге - 73 қылмыстық іс анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда өсімнің байқалатындығы аталып өтілді.

Сондай ақ, М.Қарғабай өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша - 12 қылмыс тіркелгенін және жыл басынан бері анықталған қылмыстардың саны 14 - ке жеткенін жеткізді.

Баспасөз жиынында анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 811,8 млн тенгені құрағаны, ал оның 805,9 млн теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылу арқылы толығымен 99,2% өндірілгені сөз болды.

Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.

Мирас Асқарбайұлы брифинг соңында еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы Агенттіктің 1424 CALL орталыққа хабарласуға болатынын ескертті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!