Түркістан облысында жас жігіт атып кетті

14:28, 17 қыркүйек 2019

Түркістан облысының полициясы жас жігітті өлтірді деген күдікпен облыстың үш тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 2019 жылғы 12 қыркүйекте таңғы сағат 5:30 шамасында Қазығұрт аудандық полициясының кезекші бөліміне ауруханадан хабарлама түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оларға оқ атылған жас жігіттің мәйіті жеткізілген. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді.

- Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Түркістан облыстық ПД және Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Топ құрамына тергеушілер мен сот сарапшылары енді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үш күнге созылды. Осы уақыт ішінде тергеушілер күдіктілердің барлық байланыстарын тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді және басқа да жедел іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде күдіктілер Шымкент қаласында ұсталды.
Ұсталғандардың екеуі Шымкент тұрғыны және біреуі Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Олардан аңшы мылтығы тәркіленді. Сраптамалар тағайындалды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!