Түркістан облысында жас қыз танысының атынан онлайн-несие алған

14:25, 30 қазан 2020
109

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзіне сенім артқан таныс адамның алаяқтық жолмен оның атына несие рәсімдегені туралы арызданды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қажетті іс-шараларға кірісті, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысты ашу мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оған қоса күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады. Тергеу аясында алаяқ танысына шотым бұғатталды деген сылтаумен жүгініп, оның банк картасын пайдалануға рұқсат сұрағанын анықтады. Осыдан кейін, жәбірленушінің деректерін пайдалана отырып, жас қыз оның атына 75 мың теңге сомасына онлайн-кредит ресімдеді. Күдікті қолхатта. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сонымен қатар, Сарыағаш қаласының тәртіп сақшылары несие рәсімдеуге байланысты алаяқтықтың тағы бір жайтын анықтады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, ұстады. Алаяқтың жәбірленушілерге келтірген шығыны шамамен 50 мың теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта осы жайттар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп, күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және түрлі алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмау қажеттігін ескертеді. Бейтаныс адамдарға немқұрайлы қарамау, жеке деректермен және банк шоттарының құпия кодтарымен бөлісу қажет емес. Егер сіз осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір