Түркістан облысында зейнеткер әйел қызын өлтірді деген күдікке ілінді

14:57, 27 ақпан 2020

Сарыағаш ауданында зейнеткер әйел мен қызы ақша үшін ұрсысып қалған. Қып-қызыл жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталған, деп хабарлайды zakon.kz.

15 ақпанда полицияға жедел жәрдемнен өлі адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы марқұмның анасымен ұрсысып, төбелесу кезінде пышаққа ілінгенін анықтады. Әйел өз үйіне келіп, зейнеткер шешесінен 20 мың теңге бере тұруын сұраған. Бірақ анасы оған ақша бергісі келмепті. Ашуланған қызы пышақ алып, анасына қарай тұра жүгірген. Зейнеткер анасы өзара жанжал кезінде қызының қолындағы пышақты алып, оны өзіне сұғып алғанға ұқсайды. Салдарынан қызы көз жұмды, деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зейнеткер қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!