Түркістан облысында үшемді дүниеге әкелген анаға баспана кілті табысталды

17:19, 12 қыркүйек 2018

Келес ауданының Бірлік ауылында қыркүйек айының басында Түктібаевтар шаңырағында үшем өмірге келіп, үлкен қуанышқа кенелген еді. Бүгінде сол қуаныштары еселеніп отыр деп жазады Otyrar.kz.

Көпбалалы шаңырақтың жағдайын ескерген аудан әкімі А.Есбаев осы отбасына баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Үйде тұтынуға қажетті заттарды сый ретінде табыстады. Жас ана үш баласын қыркүйектің 3 күні босанған болатын. Оларға Төрәлі, Фатима және Зәуре деп есім қойған. Бүгінгі жағдай ата-ана қуанышын арттырып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!