Түркістан облысында үйінде 10 келі есірткі сақтаған тұрғын анықталды

15:56, 14 қаңтар 2019

Сарыағашта жергілікті тұрғыннан 10 келіден аса марихуана тәркіленді. Күдікті есірткі затын полиэтиленді пакеттерге орап, жертөлеге жасырып келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сезікті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Сарыағаш АПБ бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған. Оның үйін тінту кезінде марихуанаға ұқсас есірткі заты табылған. Сараптамаға сәйкес, бұл жалпы салмағы 10 кг-нан аса марихуана екені анықталған. "Аталған жайт ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір полицейлер күдіктінің ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатта өзінде сақтағанын анықтауда", делінген хабарламада. Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен өткен жылы 6 тоннадан аса есірткі затының заңсыз айналымы тәркіленді. 20-ға жуық есірткі заттарды сақтау деректері анықталған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!