Түркістан облысында тіркеу науқаны жүріп жатыр

Ағымдағы жылы Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында 17 жасқа толатын 16 мыңға жуық жасөспірімді алғашқы әскери есепке қоюды жоспарланып отыр, деп хабарлайды Mail.KZ.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің айтуынша, әскери есепке тұру міндетті шара, болашақ Отан қорғаушылар мен олардың ата – аналары бұл іс-шараға түсіністікпен және жауапкершілікпен қарау керек, өйткені жігіттер өздерінің алғашқы әскери құжатын – шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін алады.
«Әскери есепке қою кешенді және өте маңызды рәсім. Әскери есепке алғаш тұрған жасөспірімдермен жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу бойынша қосымша үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз», — деді Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.
Жастарды алғашқы әскери есепке қою үшін әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексеруден және қажетті құжаттарды тексеруден өтеді. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін оларға шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі.
«Әр адамның өмірінде армиямен байланысты кезең болады. Өз үйіңді және өмір сүріп жатқан жеріңді қорғай білу, отбасының және Елінің тірегі болу, ол ер-жігіттің қасиетті борышы. Осы мақсатта бүгін біз қолымызға тіркеу куәлігін алып жатырмыз, жақын арада әскерде қызмет етіп, әскери билет алатыныма сенемін», —деп бөлісті Сайрам ауданының №28 орта мектебінің оқушысы Қамранбек Қазақбаев.
Айта кетсек, алғашқы әскери есепке қою ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында өтеді. Балалары есепке тұру үшін медициналық тексеруден өтпеген ата-аналар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға немесе бөлімге жүгінуі қажет.
Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 5 наурыз 2021
Қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері «Ана үйі» орталығына барып қайтты
-
17:57, 5 наурыз 2021
КВИ-ді жоққа шығаратын ПТР-тест қағазын 7 мың теңгеден сатқандар ұсталды
-
17:45, 5 наурыз 2021
Әкімнің қызметтен кетуі Жаңатастағы оқиғаға еш қатысы жоқ
-
17:38, 5 наурыз 2021
COVID-19: І-кезең бойынша қазақстандықтарға 28 мыңнан аса екпе салынды
-
16:31, 5 наурыз 2021
Бүгін Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл!
Пікір