Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

12:51, 3 ақпан 2023
69

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Бұл туралы ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Тұрғындардың үйлері құлап, шығын келсе, компенсация ретінде бюджеттен өтемақы төленеді. Алдымен жергілікті бюджеттен бөлінеді. Онда резервтен қаржы қарастырылған. Егер жергілікті бюджеттегі қаржы жетпей жатса, онда республикалық бюджеттен бөлінеді», — деді министрің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Алдымен арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі есептеледі.

Ол бүгінде тек Арыс қаласында өзеннің жағасында орналасқан бір тұрғын үйдің су астында қалғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 20 елді мекенді су басқан еді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!