Түркістан облысында шопан өзі бағып жүрген шаруашылықтың қойын ұрлаған
Қазығұрт ауданында полицейлер көлігінде ұрлаған қойлары бар көлікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері аудандағы жолдардың бірінде жүрісі күмән тудырған «ВАЗ» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жүргізушіде құжаты жоқ 3 қойды табылған.
Кейін анықталғандай, күдікті өзі малын бағатын жергілікті шаруашылықтың қойын ұрлаған. Ұсталған тұрғын барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Малдың иесіне 100 мың теңге шамасында шығын келтірілген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ұсталушының басқа қылмысқа қатыстылығы анықталуда. Тәртіп сақшылары малды жайылымда қараусыз қалдырмауды және оларға ен-таңба салуды сұрайды.
Сондай-ақ, мал жоғалғанда өз бетінше іздеп уақыт жоғалтпай, тез арада полицияға хабарлау керектігін ескертеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 25 сәуір 2024
Тоқаев ел азаматтарын өзгелердің ақпараттық майданына араласпауға шақырды
-
12:28, 25 сәуір 2024
Президент Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер туралы айтты
-
12:16, 25 сәуір 2024
Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты, деп есептейді Тоқаев
-
11:42, 25 сәуір 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Тоқаев қандай мәселелерді көтерді
-
11:03, 25 сәуір 2024
Алматыдағы түңгі клубта арнайы операция өткізілді