Түркістан облысында күйеуі әйелін сым темірден тоқылған іш киіммен жүруге мәжбүрлеген

09:59, 26 қыркүйек 2022

© Сурет: pixabay

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінде жан түршігерлік оқиға болды. Қызғаншақ күйеуі әйелін сым темірден жасалған іш киім киюге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Отырар" басылымына Сарыағаш аудандық әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Марат Тарақтиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қызғаныштан ер адам әйелін ұрып-соғып, сым темірден іш киім тоқып кигізген.

Әйелін қызғанғаны соншалық, сым темірден кемпір ауызбен іш киім тішіп берген. Жұмысқа сонымен кетеді, келген соң шешіп алады, – дейді Сарыағаш аудандық әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі.

Марат Тарақтиевтің айтуынша, бұл өңірді елең еткізген жалғыз оқиға емес: жыл басынан бері 88 тұрғын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!