Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 6 жағдай тіркелді

21:59, 2 сәуір 2020

Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап.

Кентаудан шыққан науқас Жетісай ауданынан анықталған науқаспен байланыста болған.

Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары.

Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!