Түркістан облысында фирма өкіліне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Түркістан облысының полицейлері фирма өкіліне қарақшылық шабуыл жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ер адам түскі уақытта өзінің “Газель” көлігіне отырған сәтте, оған шабуыл жасалғанын хабарлады. Медициналық бетперде киген екі белгісіз адам оны қарумен қорқытып, ішінде 700 000 теңгеге жуық ақшасы бар сөмкесін тартып алып, белгісіз бағытқа қарай автокөлікпен іздерін суытқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Сарыағаш аудандық ПБ-не СДТТБТ-не 190-бап “Қарақшылық” бойынша тіркеді.
Жасалған қылмыстың ауырлығы мен ашықтан-ашық қорықпай жасалғанын ескере отырып, полицияда осы ауыр қылмысты ашуға бағытталған жедел-тергеу тобы құрылды.
Аудандық полицейлерге көмек көрсету үшін облыстық Полиция департаментінен бір топ жедел-іздестіру тобы келді. Полиция қызметкерлері бір апта ішінде куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарап, тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел топ мүшелері күдіктілер жасырынуы мүмкін автокөлік пен оның мемлекеттік нөмірін анықтады. Алайда, мемлекеттік нөмір жалған болып шықты. Полицейлер қылмыскерлерді іздестіруді ары қарай жалғастырды. Осылайша тәртіп сақшылары күдіктілердің бірін Шымкент қаласының жалдамалы пәтерінен ұстады. Ол мегаполистің үш рет сотталған тұрғыны болып шықты. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы қарақшылық шабуылға қатысушының екіншісін ұстау бойынша шаралар қабылдауда. Сондай-ақ, күдіктінің жәбірленушіні ойыншық тапаншамен қорқытқаны анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 19 сәуір 2024
ҚМДБ Бишімбаевтың оқиғасынан кейін азаматтық некеге қатысты пәтуаны көптің есіне салды
-
22:29, 19 сәуір 2024
Атырау қаласының әкімі кенеттен қайтыс болды деген фейк ақпарат тарады
-
22:14, 19 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар бүлінген қай мүлкі үшін өтемақы ала алады
-
22:00, 19 сәуір 2024
«Мектептерге теракт жасалады». Атырау полициясы анонимді Telegram-арнаның авторын тапты
-
21:43, 19 сәуір 2024
Гимнастикалық ат снарядында өнер көрсеткен Курбанов та Париждегі Олимпиадаға жолдама алды