Түркістан облысында еңбек заңнамасы жіті қадағалауда

18:31, 15 қазан 2019
375

Ағымдағы жылдың 9 айында 817 азаматтың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді, - деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан аймақтық байланыс қызметіне сілтеме жасап.

Арыз-шағымдардың 36% - жалақы төлеу мерзімінің сақталмауына байланысты болса, 26% - еңбек шартын бұзу, 14% - еңбек демалысын уақытылы бермеу және 5% - жұмыс уақыты нормасын бұзу мәселесін көтерген. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді.

- Арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 285 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 343 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары туралы – 304, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 32, халықты жұмыспен қамту – 7 . Анықталған бұзушылықтардың ішінде 283-і жойылып, заңға сәйкестендірілді, қалғандарының орындау мерзімі бар. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 177 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 5 668 625 теңге көлемінде 62 айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың 2 663 875 теңге көлемінде 54-і өндірілді. Қалған 8 айыппұлдың мерзімі бар, - деді Алмасбек Кеңесбекұлы.

2019 жылдың 9 айында облыста 10 кәсіпорынның 840 жұмыскер алдында 178 551 570 теңге жалақы қарызы анықталған, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 132 429 332 теңге жалақы қарыздары төленіп, 807 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!