Түркістан облысында Covid-19» жұқтырған тағы 1 жағдай туралы

21:33, 8 сәуір 2020

Ауру жұқтырған науқас Ордабасы ауданында тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес
зертханалық сынамалар алынды. Диагноз нақтыланып, аудандық жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпид.тексеру жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

08.04.2020 жағдай бойынша Түркістан облысында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 34 жағдай анықталды, Жетісайда – 14 жағдай, Ордабасыда – 2 ж., Сайрамда – 2 ж., Мақтааралда – 4 ж., Сарыағашта - 1 ж., Кентауда - 5 ж., Арыста - 6 ж.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!