Түркістан облысында биыл 55 сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды

16:20, 28 қазан 2021
82

© Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет Департаментпен соңғы 9 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланған баспасөз жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Брифингте жыл басынан бері Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 73 қылмыс тіркеліп, соның ішінде 55 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталғанын және бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша 25 қылмыс тіркелгенін жеткізді.

Және анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 561,1 млн.теңгені құрағандығын, ал оның 336 млн.теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылғандығын мәлім етті.

Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.

Нұрдәулет Ілиясұлы брифинг соңында еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы Агенттіктің 1424 call орталығына хабарласуға болатынын жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір