Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

19:14, 27 мамыр 2022

© Сурет: Zakon.kz

Шенді құрылыс компаниясының директорынан 4 млн теңге алды деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!