Түркістан облысы міндетті медициналық сақтандыруға толық дайын

17:39, 19 қараша 2019

Бұл туралы облыс әкімшілігінде өткен шұғыл штаб отырысында Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаевтың төрағалық етуімен өткен жиын барысында өңірдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы талқыланды. Жаңа жүйе келер жылдан бастап толық күшіне енетін болады.

Жиын барысында кей аудандарда бұл мәселе бойынша халық арасында түсіндірме жұмысының жеткіліксіз екендігі айтылды. 2020-жылдың 1-қаңтарынан бастап әр жұмыскер өз табысының 1% ай сайын сақтандыру қорына аударатын болады.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, жаңа жүйемен облыс халқының 82 % қамтылған. Бейресми, жалдамалы жұмыскерлер, тұрақты табысы жоқ азаматтар әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайын 2525 теңге аударма жасаулары қажет. Аудан және ауыл тұрғындары үшін жарна мөлшері екі есе аз.

МӘМС жүзеге асқаннан кейін тегін медициналық көмек тоқтап қалмайды, дейді мамандар. Жаңа жүйенің артықшылығы - консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде қымбат бағалы зертханалық қызмет түрлерін, сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтиды. Ал, балалар мен зейнеркерлер, ҰОС ардагерлері, көпбалалы аналар, мүгедек жандар мен сот үкімімен жазасын өтеушілер үшін медициналық сақтандыру қоры мемлекет тарапынан қаржыландырылады.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!