Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бұйырығымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мейіржан Мырзалиев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мейіржан Иябайұлы Мырзалиев 1980 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді, 2006 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген. 2016 жылы Дьюк университеті, АҚШ – халықаралық саясат магистрі.
Еңбек жолы:
- Алматы әкімдігі: құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); заң және әкімшілік бөлім жетекшісі (2005-2007).
- ҚР Премьер-министрінің Канцеляриясы: индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009); бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013).
- Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC) (Вашингтон қаласы, АҚШ, 2015): ауыл шаруашылығында бизнесті дамыту тәжірибесі.
- ҚР Премьер-министрінің Канцеляриясы: ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), ҚР премьер-министрінің кеңесшісі (2017).
2017 жылдың қаңтарынан бері Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып келген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:31, 19 сәуір 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 19 сәуірдегі валюта бағамы
-
12:01, 19 сәуір 2024
Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
-
11:59, 19 сәуір 2024
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшері аталды
-
11:28, 19 сәуір 2024
Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтерілуде
-
11:11, 19 сәуір 2024
Алдағы күндері қай өңірдегі өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде