Түркістан: 11 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкілдері салықтық рақымшылыққа іліккен

17:51, 8 қазан 2019

Шымкент қаласында "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықты жүргізу" және "Экспорттық бақылауға қатысты сауалдар, ЕАЭО елдерінен заңсыз тауар кіргізу және камералдық бақылау мәселелерін талқылау" тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Семинарға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Ж.Іңкербаев бастаған Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары - ҚР ҚМ МКК-нің Берешектермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы А.Садықбаева, ҚР ҚМ МКК-нің Салықтық әдіснама департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Д.Бисеналиев сынды мамандар қатысты. Сондай ақ, семинарға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары және қызметкерлері, салық төлеушілер келді.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша салықтық рақымшылыққа шағын және орта бизнестің 10 909 субъектілері іліккен. 2019 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 7 926 субъектілердің, яғни жалпы санының 73%-ы 73,2 млн тенге көлеміндегі берешектерін төлеген. Ал 2019 жылдың 1 қаңтардағы есеп бойынша жеке тұлғалардың арасындағы берешегі барлардың қатары 140 мың адамды құраса, олардың мемлекетке қарызы 722 млн тенгеге жеткен. Мұның ішінде 82,3 пайызының көлік, мүлік және жер салығына берешегі бар. 4 қазанға дейінгі мәлімет бойынша 18 086 жеке тұлғаның өсімпұлы алынып тасталды.

Семинар барысында бірнеше мәселе көтерілді. Атап айтқанда, еліміздегі жүргізіліп жатқан салықтық рақымшылық жұмыстарының нәтижесі, салықтық қарыздарды өндіру жұмыстары, камералды, экспорттық бақылау мен өндірістік емес төлемдер жөніндегі мәселелер талқыланды. Семинарда салық төлеушілер мамандарға толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Сондай ақ, семинарға қатысушылар тарапынан түскен ұсыныстар мен ескертулерді бойынша қарар қабылданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!