Түркістан: көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

18:50, 9 қараша 2019

Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды шарада облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов секторлардағы жұмыстармен танысып, ағаш отырғызуға атсалысты.

Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінгені белгілі. Бүгін аталған секторлар 25 мың түп көшет (шаған, сән ағаш, үйеңкі, қараөрік, қарағаш, тұт, каштан, арша, липа) отырғызды.

Секторларға бекітілген аудан-қалалар тарапынан сенбіліктегі көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 245 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар аумақтық 23 департамент мамандары қала ішіндегі ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Р33, Р-32 каналдарының бойына ағаш егу, тазалау жұмыстарын жүргізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!