Түркістан: Келесте 72 шақырымға жуық жол жөнделуде

16:17, 18 қараша 2019

Келес ауданында биыл 71,3 шақырым, яғни 43-көшеге әр-түрлі деңгейдегі жол жөндеу жүмыстары жүруде.

Аудан орталығы Абай ауылы бойынша "Ауыл Ел-бесігі" бағдарламасы аясында 28,19 шақырым, яғни 23-көшенің орташа жол жөндеумен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Абай ауылындағы 23-көшенің 19-көшесінде жол жөндеу құрылыс жұмыстары аяқталған. Қалған 4 көшенің жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелердің 43,1 шақырымы, яғни 20 көшеге әр-түрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 10 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Ал қалған 10 көшенің мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Сонымен қатар, бір аудандық маңызы бар "Ащыкөл-Қалғансыр" 6,8 шақырым автомобиль жолдары мемлекеттік сатып алу конкурсында өткізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!