Түрікменстанда бюджет қызметкерлері түрікмен тілінде ғана сөйлемек

17:55, 6 желтоқсан 2021

© Ақорда

Орыс немесе өзбек тілінде сөйлегендер жазалануы мүмкін

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерлен өзара тек қана түркімен тілінде сөйлесуін талап етіп жатыр.

Лебап уәлаятында бюджет қызметкерлерінен түркімен тілінде таза сөйлеуді талап етті. Орыс немесе өзбек тілінде сөйлегендер жазалануы мүмкін. Бұған қоса, аймақта бюджет қызметкерлерінің киіміне де талап қойылып жатыр.

Еске салайық, бұның алдында Түркіменстанда балабақшаларда орыс тілінде мультфильм көрсетуге тыйым салынған.

"Тағы да талап қойып жатыр. Енді бюджет қызметкерлері жұмыста тек қана түркімен тілінде сөйлесуі тиіс. Басқа тілдерді араластырып сөйлесетіндерге айыппұл салынатыны айтылды", - дейді Фарап этрапындағы бір мұғалім

Айта кетерлік жайт, Фарап этрапында және Лебап уәлаятындағы басқа да этраптарда этникалық өзбектер көп. Олар көбіне өзбек тілінде, түркімен тілінде өзбек сөздерін араластырып сөйлейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!