Тұрғымбаев Назарбаевтың алдында есеп берді

17:10, 9 қазан 2019

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Тұңғыш Президентінің сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына елдегі қылмыстық жағдайдың жай-күйі және министрліктің заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

Сонымен, Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, биылғы жылы қылмыс 15 процентке төмендеді, ауыр қылмыстарды анықтау деңгейі 77,5 процентті құрады, ал аса ауыр қылмыстар бойынша - 88%.

Сонымен қатар, Тұрғымбаев Елбасыны ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!