Түргенде адам құтқарған полицейлерге ауыл әкімі алғыс айтты

12:21, 29 қазан 2020

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының қоғамдық қызметкерлері таулы жерде орналасқан учаскеде санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 11.00 шамасында әкімдікке қызметкерлердің біреуі ауырып, есінен танып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шақырылған Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік инспекторлары ер адамның эпилепсия ұстамасы бар екенін анықтап, оған қажетті алғашқы көмек көрсеткен. Осы уақытта әкімдіктің жауапты өкілі автожолға шығып, № 48 борттағы полицияның патрульдік экипажын кездестірген. Экипаж болған жағдай туралы біліп, бірден зардап шегушіні дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізуге кіріскен. Сонымен қатар, жол бойында қайта ұстамасы ұстаған науқасқа көмек те көрсеткен", - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасов.

Түрген ауылдық округінің әкімі Е. Карибаев әкім аппаратының және жеке өзінің атынан Алматы облысы ЖПҚ ППБ қызметінің инспекторлары полиция капитаны Қ.Н. Теңізбаевқа, полиция аға лейтенанты Б. Б. Тасановқа, аға учаскелік инспектор полиция майоры А. Д. Жақыпбековке, Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары полиция капитаны Е. Даутбековке, А. А. Алимге алғысын білдіріп, ІІМ-нің барлық қызметкерлеріне құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қиын істе табыс тіледі.

"Әкімнің Алматы облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры С.М. Кудебаевтың атына қарамағындағыларды лайықты тәрбиелегені үшін алғыс хат жазғаны біз үшін мақтаныш. Қазір аталған полиция қызметкерлері көтермелеуге ұсынылды", - деп толықтырды полковник Ораз Жолдасов.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!