«Тұрғанымызға екі сағат болды...». Алматының кіре берісінде ұзын-сонар көлік кептелісі

14:51, 19 мамыр 2020
424

Алматының кіре берісінде ұзын-сонар кептеліс. Полиция көліктердің бұл кептелісі карантин режимінің жұмсартылуымен байланыстырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Алматының кіре берісінде ұзын-сонар тізілген көліктердің кептелісі түсірілген видео пайда болды. Кейбір қолданушылар кептелісте тұрғандарына екі сағат болғанын жазуда, ал басқалары қарама-қарсы жолақтың да кептеліп тұрғанын айтуда.

Боралдай ауылы мен Момышұлы көшесінің арасындағы жолдарда блок бетондар тұр, бірақ бұл жерде ешқандай бекет жоқ. Осы бетондар алынып тасталмағандықтан, екі бағытта да үлкен кептелістер пайда болуда, - дейді куәгерлер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Такого ещё никогда не было ????‍♂️

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ???????? (@kris_p_almaty) 19 Май 2020 в 12:04 PDT

Алматы полициясы бұл кептелісті карантиндік режимді қалпына келтіру шарасымен байланысты екенін хабарлады. Кейбір азаматтар төтенше жағдай мен карантинді шатастырады, төтенше жағдай аяқталды, демек қалаға кіре беруге болады деп ойлайды немесе шыққысы келеді. Бірақ, тағы ескерте кетейік, карантин режимі әлі жойылған жоқ. Блок-бекеттерден Шұғыл штабтың арнайы тізімге енгізген азаматтар ғана өте алады, - деді Алматы қаласы полиция бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Кептелісте тұрып, жолдың қарама-қарсы бетке шыққан көлік жүргізушілері әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығы да ескертілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!