Түнде Алматыда үй өртеніп, бір адам ажал құшты

08:59, 16 қазан 2019

Алматыдағы Алатау ауданында жекеменшік үй өртенінен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"15 қазан күні сағат 22:22-де Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жекеменшік үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. 25 шаршы метрді қамтыған жалын сағат 23:00 ауыздықталды. Оқиға орнынан 1960 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Сондай-ақ 1987 жылы туған ер адам түрлі деңгейде күйік алған. Оған медициналық көмек көрсетілуде", - делінген ТЖК хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!