Түлектер кешін өткізуге тыйым салынады – қалалық білім басқармасы

16:59, 19 мамыр 2020

Нүр-Сұлтанда мектеп бітірушілерге түлектер кешін өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Елордада карантин режимінің сақталуына байланысты аталмыш іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп аулаларында өтеді. Оқушылар рәсімге мектеп формасымен қатысады. Аттестат тапсырғаннан кейін "түлектер аллеясында" көшет отырғызу акциясы жоспарланған. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы ескертеді: бітіру кештерін өткізуге қатаң тыйым салынады", – деді қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы.

Биыл 6 199 елордалық оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 95%-ы ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Оның ішінде 3 665 - қазақ, 2 495 - орыс, 39 - ағылшын тілінде.

Биыл "Алтын белгіге" 359, үздік аттестатқа 379 түлек үміткер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!