Туған жер: Өскемендік кәсіпкерлердің белсенділігі қандай?

22:16, 19 қазан 2017

Өскеменде өтіп жатқан «Туған жер» форумы өңірдің дамуына серпін бермек. Кәсіпкерлердің бұл тұрғыдағы жоспары ауқымды. Шағын және орта бизнес өкілдерінен бастап, ірі кәсіпорын жетекшілеріне дейін қыруар қаражатын осы мақсатқа жұмсамақ. 

Мерей Мұратханқызы, тілші:

– «Туған жер» форумы – расымен де ауқымды шара. Кәсіпкерлер, демеушілер әлеуметтік саланың дамуы үшін барын салатынын дәлелдеді. Нәтижесі де айқын.

Кәсіпкерліктің кемел келешек кепілі екенін бүгінгі шара айғақтады. Форумға қатысқан кәсіпкерлердің қолдауымен өңірдің әлеуметтік ахуалы түлеп келеді. Меже мұнымен шектелмейді де. Ұйымдастырылған арнайы аукцион соны айғақтады. Осылайша жоспардағы 21,5 млрд теңге тағы 2 млрд-пен толықты. Өңір басшылығының бастамасымен «Менің мектебім» жобасы қолға алынып, облыстағы 277 мектеп заманауи жабдықтармен жабдықталатын болды. Әрине кәсіпкерлердің демеуімен. Осы орайда сонау оңтүстік астанадан ат терлетіп келген Жақсыбай Бижігітовке сөз бергім келіп тұр. Ол өз қаражатына Күршім ауданы Игілік ауылындағы фельдшерлік пункті жөндеп берді. Аға, «Туған жер» бағдарламасы өскен өлкесін сағынған кез келген жанның ілтипатын көрсетуге жол ашқан жоба болғаны рас па?

Осы орайда Аягөз ауданынан келіп отырған Рысбек Дүйсекеевке сөз бергім келіп отыр. Аға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаларға аягөздік кәсіпкерлер белсенділігі қандай?

Рысбек Дүйсекеев, кәсіпкер: 

– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздегі білім беру жүйесі үшін айрықша мүмкіндіктер кеңістігіне айналып, тәрбие мен идеологиялық жұмыстарға зор мүмкіндіктер ашуда. Осы мақсатта «Менің мектебім» акциясын іске асыруға 1,5 млн теңгені өз атымнан және бірнеше кәсіпкерлер атынан 10 млн қажет жабдықтар алуға демеушілік көрсетпекпіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, барлық кәсіпкер жерлестерімді аталған акцияға қатысуға шақырамын.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

– Облыс басшылығы мұрындық болған «Туған жер» форумы осылай есте қалмақ. Жоспар орасан, инвесторлар бар, қаражат жеткілікті. Бастысы – туған жерге туын тіккен азаматтардың еңбегі елеулі. Халқы разы. Біздің айтарымыз осы. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!