Туған бауырым зорлық көрсетті деген әйелдің өтірігі ашылды

09:47, 18 ақпан 2020

Алматы облысында өз бауырына жала жапқан әйелдің зорлық көрмегені әшкере болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысының тәртіп сақшылары арыз берушінің көрінеу жалған ақпарат жеткізгенін анықтап, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Жамбыл аудандық полиция бөліміне 48 жастағы жергілікті тұрғын арыз беріп, өз бауырының зорлық-зомбылық көрсеткенін хабарлаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктіге іздеу жариялаған. Ішкі істер органдарының жан-жақты іздеу салғанынан бейхабар 41-жастағы азамат шаруақожалықтардың бірінде малшы болып қызмет атқарған. Полицейлер айып тағылған азаматты тауып, тергеу барысында ешқандай қылмыстық әрекеттің болмағанын анықтады.

Өткен жылдың тамыз айында 48 жастағы әйел өзінің туған інісімен ренжісіп, кек алу мақсатында жала жапқаны белгілі болды. Құқық қорғау органдарына көрінеу жалған ақпарат берген әйелге қатысты қылмыстық өндіріс қозғалып, күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу ісі Жамбыл аудандық полициясының өндірісінде.

Сот аталған қылмысы үшін күдіктіге айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастыратын лайықты жаза шарасын анықтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!