Туған анасы үш жасар қызын өлімші етіп сабады. Істің құрамына өзгеріс енгізілді

15:35, 1 наурыз 2021

© Сурет: Pixabay

Петропавлда полиция өз анасынан таяқ жеген үш жасар қыздың өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарап, ондағы бапты өзгертті, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

27 ақпанда Петропавлда дене жарақаттарымен балалар облыстық ауруханасына жеткізілген қыз бала қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін 17 қаңтардан бері күресіп келді. Петропавлда анасынан таяқ жеген үш жасар қыз қайтыс болды

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қыз баланың өліміне байланысты қылмыстық құқық бұзушылық ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша қайта жүктеліп, тіркелді, онда 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп түсіндірді полициядағылар.

Осы қылмысты жасағаны үшін 1998 жылғы баланың туған шешесі ұсталды, оған қатысты алдын алу шарасы - қамауға алу таңдалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!