Toyota «жаздық кафеге» қойып кетті. Зардап шеккендер бар

21:49, 27 мамыр 2022

© Сурет: pixabay

Желіде Төле би – Әуезов көшелерінде жол апатынан зардап шеккендер туралы ақпарат пайда болды. Toyota Camry көлігі сыртта адамдар тамақтанып отырған "жаздық кафеде" қойып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты нақтылап, жол апатынан екі адам – ер адам мен қыз баланың зардап шеккенін жеткізді.

Зардап шеккендердің екеуін де жедел жәрдем бригадасы қалалық ЖШККА-ға бірден жеткізді. Травматолог пен нейрохирург оларды толықтай тексеруден өткізді. Ауруханаға жатқызатындай ауыр белгілер болған жоқ. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендер тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жол апаты 24 мамырда сағат 19:47-де орын алды. Toyota Camry және Volkswagen Polo көліктері соқтығысты. Осы кезде Toyota бар инерциясымен жаздық кафе орналасқан тротуарға қарай ұшып кетті. Volkswagen жүргізушісі көлігін тастап, оқиға орнынан кетіп қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!