Toyota Camry мінген қашқын Ақтөбе полициясын тік тұрғызды

11:52, 24 ақпан 2021

© Сурет: видеодан кадр

Патрульдік полиция қызметкерлері Гастелло мен Жиенбаев көшелерінің қиылысында алдыңғы бампері сынған Toyota Camry автокөлігін тоқтатып көрейін десе, жүргізуші қаша жөнелді, деп хабарлайды zakon.kz облыс полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер бұл көліктің ЖКО қатысушысы болуы мүмкін деп болжап, дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы тоқтауын сұрады. Алайда, шетелдік көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің талаптарын елемей, Новороссийск айналма жолы бағытында жасырына бастады. Қуғыннан қашуға әрекет жасаған кезде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жол ережелерін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді. Сондай-ақ өзіне және жолаушыға қауіп төндіре отырып, Ақжар ауылы маңындағы теміржол өткелінде бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетті.

Қудалау шамамен бір сағатқа созылды және Хромтау ауданы Құдықсай кентінің маңында көліктің жүргізушісі мен жолаушысы тоқтап, фаралар мен габариттік шамдарды сөндіріп, қашып кетуге тырысқан. Патрульдік полиция 35 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысын ұстады.

Тексеру барысында 2017 жылы Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотымен автокөлік жүргізушісінің мас күйінде бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды, бірақ соған қарамастан көлікті басқаруды жалғастырған.

Тәртіп бұзушы №3 Қалалық полиция бөліміне жеткізілді, онда ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін шамамен 500 мың теңгеге 6 хаттама толтырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!