Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған ел азаматтарына жәрдемақы төленеді

19:09, 23 наурыз 2020
627

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала есеп бойынша, қазіргі жайт шамамен 500 мыңға жуық азаматтардың қаржылық жағдайына кесірін тигізді.

Сондықтан, төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға ең төменгі бір жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайын ақша төлеуді тапсырамын, - деді Президент.

Жалпылай алғанда, бұл көмекке кем дегенде 1,5 миллион қазақстандық жүгіне алады.

Қажет болған жағдайда біз қолдау түрлерін кеңейте аламыз, ол үшін жеткілікті резерв бар, - деді ол.

Бұл көмек ақшаны алушы адамдарды қоғам өкілдері мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен арнайы құрылған өңірлік штаб анықтайтын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!