Төсінің жартысын көрсеткен Әсел Садуақасованы жұрт тағы да сынға алды

15:12, 18 қазан 2018
505

Танымал актриса Әсел Садуақасова желіге ашық суретін жиі жариялаудан жалықпайды, жұрт да сын айтудан шаршамайды деп жазады sn.kz.

Актриса бұл жолы декольте (төсін жартылай ашық көйлек) киіп алған. Ал желі қолданушылары айдай сұлу Әселге бұндай киімнің жараспайтынын айтып әлек.

«Төсіңізді көрсетпесеңіз де әдемісіз. Түріңізге қарап-ақ тоюға болады. Неге ашық киінесіз?», «Қазақтың қыздары әбден ашылып бітті. Бір шара қолдану керек», «Барын көрсеткенде тұрған не бар екен?», - деп пікір қалдырды олар.

Еске сала кетейік, Әсел Садуақасова «Қазақша ажырасу», «Келін де адам баласы» секілді бірнеше фильме басты ролдерді сомдаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!