Төрт оқушыны қаққан көлік жүргізушісі абақтыға қамалды
16:59, 3 наурыз 2021
208

© Сурет: vgr.by
Алматы облысы Қорам ауылында жол жиегіндегі тұрған төрт оқушы қызды қаққан Уаз көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтасына тоғытылды, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та Уаз автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежеде) Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қилыстағы жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберіллді, - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.
Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, "Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:14, 15 сәуір 2021
Рерихке өзің біл, кете бер дедім – Дана Нұржігіт
-
13:04, 15 сәуір 2021
Қазақстанда табиғи өрт көбейетін кезең басталды
-
12:48, 15 сәуір 2021
Түркістан облысында діни-экстремистік идеология насихатталғаны ашылды
-
12:34, 15 сәуір 2021
Nur Otan Нұр-Сұлтан филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
-
12:27, 15 сәуір 2021
СҚО-да қарттар үйінің бухгалтері 10 млн-нан астам теңге жымқырды
Пікір