Төрт қаланы «карантинге жапқан» жігіт көптен кешірім сұрады
"Төрт қала карантинге жабылды" деп аудиохабарлама таратқан Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны көптен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меңдіқара ауданы Каскад ауылының 28 жастағы тұрғыны Владимир Дядин жалған ақпарат таратқан болып шықты. Қазіргі уақытта полиция осыған қатысты тексеру жүргізіп жатыр, ал жігіттің өзі қазақстандықтарға үндеу жасап, кешірім сұрады.
Видеода фейк аудиохабарламаның авторы Қостанай облысының тұрғындарынан оларды алаңдатып, бекер дүрліктіргені үшін кешірім сұрады. Ол өзінің бұл әрекетін әлеуметтік желіден коронавирус туралы оқыған ақпаратты дұрыс түсінбей қалғандығымен түсіндірді. Ол қазақстандықтарға ел үшін қазіргідей қиын уақытта жалған хабарламаларға сенбеуге, бекерден бекер үрейленбеуге кеңес берді.
Бұрын хабарланғандай, жас жігіт WhatsApp мессенджерінде 2020 жылдың 29 наурызынан бастап Қостанай, Лисаковск, Рудный, Тобол қалаларында карантинге жатқызылғандығы туралы аудио хабарлама таратты. Хабарламада ер адам Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылының тұрғындарына аталған күндерден бастап барлық бағыттар жабылатынын ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
20:48, 23 сәуір 2024
Алматы облысындағы табиғи өрт төрт күннен бері сөндіріліп жатыр