Төреғали Төрәлі Көлсайда гидпен не үшін жанжалдасқанын айтты

20:20, 30 қыркүйек 2022
240

© Сурет: Instagram/toregalitoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәли Көлсайда болған оқыс оқиғадан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 30 қыркүйекте басынан өткен оқиғаға қатысты өз ойын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жаңа бейнебаянын түсіру кезінде жанжал туындағанын айтады. Жәбірленуші әншіге қадала қарап, жұмыс істеуіне кедергі келтіргенге ұқсайды. Одан кейін өзара ұрыс әншінің қол жұмсауымен аяқталған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі видеода әншінің бейәдеп сөздерге жол бергені байқалады.

Құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы - "Бұзақылық" бойынша тіркелген.

28 қыркүйекте Төреғали Төреәліге Көлсайда гидқа қол жұмсады деп айып тағылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!