Төлешовтың тұлпарлары чемпионатқа қатысады

11:45, 16 қаңтар 2018
264

Аты жер жарған Тоқтар Төлешовтың сәйгүліктері кезінде олимпиадалық спорт түрінен чемпион атанып, талай жүлдені ұтқан болатын. Ұлттық құрама командасының сапына үміткер болғаны тағы бар. Бүгінде сол асыл тұқымды жануарлардың 24-і қаладағы «Ұлттық спорт түрлері мектебінің» қарамығына берілген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Олардың тең жартысы әкімдікке қайтарылуы мүмкін. «Ал зообақта қалған үш аттың жағдайы жақсы», — дейді мекеме басшысы. Осыдан 5 жыл уақыт бұрын бабында болған қасиетті жануарлардың жағдайы жақсы.
Эластик атты ағылшын тұқымдас сәйгүліктің бойы 1 метр 75 сантиметр. Шымкенттік бапкерлер конкур спорт түріне лайықты деп ресми жарыстарға баптауға кірісті. Алайда, Тоқтар Төлешовтың «Тракенен» тектес атының жасы 16-дан асқан. Сондықтан сынға түсуге келе бермейді.

«Хан» лақап атты ағылшын тумасы «Эластиктен» 6 жас кіші. Бойы да пәстеу. Конкурға сол лайықты дейді шымкенттік спортшылар. Қазір ол да Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде.

Тоқтар Төлешовтың ат-қорасынан ұлттық спорт түрлері мектебінің қарамағына барлығы 24 сәйгүлік өткізілген. Оның алтауының жасы 15-тен асқан. Екеуі — жиырмада. Арасында бір жасар байталдары да бар.

Бұл сәйгүліктердің үшеуі бәйгеге шабады деп таңдалып та қойған. Мектеп басшылығы ақалтеке ағылшын аттарын төлдетуді де ойластырып отыр екен. Алайда, ол үшін бұл тұлпарлар алдымен, әкімдіктің меншігіне берілуі тиіс. Экс-кәсіпкердің бұдан бөлек, тағы 3 жылқысы бүгінде Шымкент зообағында. Тағы екеуі өткен жылы күзде алған жарақаттарынан пышаққа ілінген болатын.

Сарбиназ Алдабергенова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!